“Тәуелсіз елдің ұланымын” біріңғай сынып сағаттары
25 қазан — Республика күніне 1-11 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз елдің ұланымын» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаттары жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқып және мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту мен ата — бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.