«EASY SCIENCE» жобасы:
«Easy Science» жобасының мақсаты – заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушылардың физика пәніне, жалпы ғылымға қызығушылығын арттыру арқылы сыни тұрғыдан ойлайтын, функционалдық сауатты, өз бетінше ізденетін және өзін-өзі дамыта алатын тұлға қалыптастыру.
- Оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру
- Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту
- Зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру
- Өзін-өзі дамытуға ынталандыру
Жобаның міндеттері:
Зерттеушілік дағдыларды дамыту:
- STEM бағытына қызығушылық
- Тәжірибелер жасауға ынталандыру
Сыни ойлау қабілетін жетілдіру:
- Мәселелерді талдау
- Логикалық ойлау дағдыларын дамыту
Физиканы қолжетімді ету:
- Эксперименттер арқылы түсіндіру
- Күнделікті өмірмен байланыстыру
Қосалқы дағдыларды қалыптастыру:
- Бейнемазмұн жасау
- Командалық жұмыс