Информатика пәні бойынша ҰБТ тапсырмаларын дайындау және оқыту платформалары
Байзақ ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясында «Информатика пәні бойынша ҰБТ тапсырмаларын дайындау және оқыту платформалары» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті. Семинарға жалпы 35 мұғалім қатысты. Гимназия мұғалімдері Д.Көлбаева, Д.Стамкулова, Н.Усарова, Т.Жунисов, Ш.Қайыпназаров өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.