Білімнің бас құралы – кітап
Бүгін, гимназиямызда 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Білімнің бас құралы – кітап» атты аймақтық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс шараға Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гмимназиясы, №1 мектеп-гимназиясы, Гагарин атындағы орта мектеп, Сарыкемер гимназия-трек мектебі, №7 орта мектеп және Қосақ негізгі мектебінің оқушылары белсене қатысты.
Мақсаты – кітап оқудың маңызын насихаттау, жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу. Іс –шараны гимназия директоры Кайпулдаев Арстанбек Калыбекович ашып. кітап туралы, кітап оқудың маңыздылығы туралы атап өтті.
Іс-шара барысында оқырмандармен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатырмен және белгілі әнші Әлмахан Аруанұлымен әсерлі кездесу өткізілді. Қонақтар өз өмір жолы мен шығармашылығы туралы ой бөлісіп, жастарға құнды кеңестерін ұсынды.
Кеш барысында ақын шығармалары оқылып, көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға мазмұнды жауаптар берілді. Сонымен қатар, әнмен әрленген бұл кездесу көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады. Атаулы іс-шара Исабаев Әлмаханның орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды.







