Көтеріңкі көңіл-күй, табысты күннің бастауы!
Көтеріңкі көңіл-күй, табысты күннің бастауы!
Бүгін гимназия психологтары оқушылар мен мұғалімдерді күтіп алып, көңіл-күйлерін көтеруге бағытталған арнайы іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қатысушылар жағымды эмоцияға бөленіп, оқу күнін көтеріңкі көңіл-күймен бастап, емтихан алды қобалжу деңгейлерін төмендетуге арналған арнайы жаднамалармен танысты.
Осындай бастамалар білім беру ұйымындағы қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыруға және ұжымдық бірлікті нығайтуға ықпал етеді.







