Суды үнемде-болашақты сақта
Бүгін гимназиямыздың оқушылары суды ұтымды тұтыну және экологиялық жауапкершілік мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында “Суды үнемде-болашақты сақта” тақырыбында бейнебаян көрсетілді. Іс-шараның негізгі мақсаты- оқушыларға судың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, табиғи ресурстарды үнемдеуге баулу және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыру. Бейнебаян барысында су тапшылығы мәселесі, суды үнемдеу жолдары, экологиялық мәдениеттің маңызы кеңінен насихатталды. Аталған іс-шараға жалпы саны 180 оқушы қамтылды. Оқушылар бейнебаяннан кейін өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.





