МЕКТЕПІШІЛІК ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ ӨТТІ.
Бүгін гимназиямызда оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау іс-шарасы өтті. Биылғы мектеп Президенттігіне үміткер болып 5 оқушы тіркеліп, өздерінің жұмыс жоспары мен алға қойған мақсаттарын жариялап, үлкен белсенділік танытты. Президенттікке үміткер оқушыларды сайлауға мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысып, белсенді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатыса алатын жауапты, тәртіпті кандидаттарына дауыс берді. Нәтижесінде мектебіміздің 10 сынып оқушысы Анарбаева Акзияш басым дауысқа ие болып, мектеп Президентіне сайланды. Құтты болсын дейміз!