1 қыркүйек — Білім күні
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясында «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Салтанатты іс–шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен басталды. Гимназия директоры Кайпулдаев Арыстанбек Қалыбекұлы сөз алып мерекелік іс–шараны ашып берді.
Жиынға Жамбыл облысының цифрлы технологиялар басқармасының басшысы Нокрабеков Руслан Москауұлы мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндерді, мектеп оқушыларын, ұлағатты ұстаздарымызды құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. 1-11 сынып жетекшілері біріңғай сынып сағаттарын өтті