«Жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары
2023 жылдың 5 сәуір күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинардың мақсаты: жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруда тапсырма түрлерін айқындау,бағалау тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктерін талдау. Семинарда Ж. Ш. Диханбаева, А. К. Жамалова, С. Қ. Кусемисова, А. Қ. Сұлтекенова, Н. Қ. Нахмедова өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сыныптарын көрсетті.