Мектеп бітіруші түлектерге және ата аналарға ҰБТ–2023-те болатын өзгерістер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді
• Ғылым және жоғары білім министірлігінің шешімі бойынша келер жылы барлық талапкерге негізгі ҰБТ-ы екі рет тапсыру мүмкіндігі беріледі.
• Тест тапсырмаларының құрылымындағы өзгерістер туралы:
– «Қазақстан тарихы» пәнінің бір нұсқасында 20 тест сұрағы болады (20 бал). 1-ден 10-шы сұраққа дейін бір ғана дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы болса, 11-ден 20-ға дейін контекстке негізделген болады (бес сұрақтан 2 контекст). «Оқу сауаттылығы» пәнінде 3 мәтін бойынша 15 тест тапсырмасы болады (15 бал).
• ҰБТ сұрақтарына да өзгерістер енді:
– 1 дұрыс жауабы бар сұрақтың жауап нұсқалары бестен төртке дейін азаяды;
– 1 немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (3 дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін қысқарады.
• ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне «информатика» пәні енгізіледі.