Жастықтың оты жалындап
Гимназиямызда “Жырлайды ақындары өлкеміздің” тақырыбында әдеби сазды кеш өтті. Іс-шараға журналист, республикалық, облыстық Қазақстан дәуірі, Елена, Шаңырақ сайттарының редакторы Дариға Умбетиярова,
республикамызға танымал айтыскер-ақын, Байзақ ауданының құрметті азаматы Алтынкүл Қасымбекова, ақын, облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі Есен Өтеулиевтер қонақ болды.
Поэзияға жаны құмар бір топ оқушы Жамбыл жеріндегі ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды. Рухани кеш – жас толқынның өміріне азда болсын азық болардай әсер қалдырды.