«Білім сапасын қамтамасыз етуде мектеп жұмысын цифрлық трансформациялаудың ұйымдастыру-педагогикалық шарттары» педагогикалық эксперименті
2020-2023 оқу жылынан бастап нәтижеге бағытталған білім беру моделін тиімді енгізу жолдарын анықтауға арналған педагогикалық эксперимент жұмысын ұйымдастыруға байланысты Жамбыл облысы білім басқармасы тарапынан облыстың жетекші 10 мектебіне ғылыми-педагогикалық эксеприменттерді жүргізу туралы тапсырма берілді.
Педагогикалық эксперимент жүргізуге жауапты мектептердің қатарында «Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі де бар.
Зерттеудің мақсаты мектеп жұмысын цифрлық трансформациялау арқылы білім сапасын қамтамасыз етудің ғылыми негізделген ұйымдастыру-педагогикалық шарттарын әзірлеу және ғылыми негіздеу.
Педагогикалық эксперимент 2022-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын болады.
Жоба аясында жүргізілген педагогикалық зерттеулердің нәтижелері және алынған эксперименттік деректер қазақстандық педагогикалық білім беруді жаңғыртуға және дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдіміз.