Пайдалы кеңестер
Мектеп қабырғасында жүргенде беделді де білімді оқушы боламын десең, біз ұсынған қағидаларға көз жүгіртіңіз. Бұл қағидаларды қалыптастырып алсаңыз, алдағы ғұмырыңызға да септігі тиері сөзсіз.
- Теледидардың алдында көп отырмаңыз. Ешқашан. Ол сенің уақытыңды өлтіреді.
- Алға жылжы деген қанатты сөздер сенің ұраның. Әрекет ет, көмектеседі.
- Басыңа жақсы ой келді ме? Жылдам жазып қой! Ол үшін арнайы дәптер,файл немесе блог ашып қой.
- Эмоциялық және физикалық денсаулығыңды мұқият сақта!Дене шынықтыру және өзіңді жақсы көңіл күйде ұстау сенің табысқа барар жолың!
- Сабаққа кеш қалып жатсың ба? Ол туралы хабар берудің амалын тап!
- Өзгелердің армандарына күлме. Оданда өзің арманда!
- Өз қатеңді мойындай біл! Қатеңді жылдам және қатаң түрде түзет!
- Ешқашан өсек айтпа!Жаман сөз жылдам тарайды!
- Көңіл-күйің төмен болса дем ал! Бұл өмірде бәріде өтіп кетеді деген сөздерді қайтала!Проблемашешудің бір жолы:Миға демалыс бер!
- Досыңмен ұрысып қалған жағдайда көкейге бататын,ар-намысына тиетін әрекет жасама!Таяқ еттен өтеді,сөз сүйектен өтеді!
- Таңмен жақсы ниет еткен болсаңыз,күннің екінші жартысында жақсылықтың нұры жаусын! Жақсы ниет,жарым ырыс!
- Алдыңа мақсат қой! Келешегіңді жобала!
- Көп ізден!Өз біліміңді дамыт! Уақытың жетпей жатса да ізденгенді қойма!Оқу мен іздену-уақытыңды босқа кетіру емес! Уақыт-алтынға теңеледі.
- Өзгенің де өзіңнің де уақытыңды алма!!!