“Кітап Fest, кітаптар жәрмеңкесі”
Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, өзара пікір алмасу мәдениетін қалыптастыру және оқыған шығармаларды насихаттау мақсатында мектепте «Алмасуға болады» атты оқылған кітаптар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара барысында оқушылар өздері оқыған кітаптарын ұсынып, бір-бірімен пікір алмасты. Сонымен қатар, кітаптарды сату және өзара алмасу мүмкіндігі қарастырылып, қатысушылар өздеріне қызықты жаңа туындыларды таңдауға мүмкіндік алды.
Жәрмеңке оқушылардың оқу мәдениетін дамытуға, кітапқа деген қызығушылығын арттыруға және достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.





