“Gm arnasy” жобасы аясында
“Gm arnasy” жобасы аясында «Көшбасшылық – табысқа бастар жол» тақырыбында өткен өзін-өзі басқару форумында қатысушылардан арнайы интервью алынды.
Форум барысында оқушылар көшбасшылық қасиеттер, жауапкершілік, белсенділік және табысқа жетудің жолдары туралы өз ойларымен бөлісті. Шараның басты мақсаты – жас көшбасшылардың пікірін тыңдап, олардың белсенділігін арттыру және өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын дамыту.
Мұндай кездесулер оқушылардың өз ойын еркін жеткізуіне, жаңа идеялар ұсынуына және көшбасшылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік береді.







