«ЖЫРМЕН СЫРЛАСУ» әдеби-рухани кеші
Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы – өлеңдерімен жүрекке жол таба білген, шығармалары арқылы оқырман сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген ақын Қадірәлі Нұржан Серікханұлы.
Ол – облыстық «Ақжол» газетінің жауапты хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Қадірәлі Нұржан Серікханұлының шығармаларынан терең ой, ұлттық рух пен өмірге деген шынайы көзқарас айқын аңғарылады. Ақынның әр өлеңі – оқырман жүрегіне жол табатын сырлы әлем, сөз өнеріне деген адалдықтың жарқын көрінісі. Бүгінгі рухани кеште қаламгердің шығармашылық жолы, поэзиядағы өзіндік қолтаңбасы кеңінен насихатталып, жас ұрпаққа рухани тағылым берері сөзсіз.
Осындай тағылымды кеште қадірлі қонағымызбен жүздесу – біз үшін үлкен мәртебе, ал оның ой-толғамдары мен жырлары көрермен көңілінен шығарына сенім мол.








