«БІЛІММЕН – БІЗ БІРГЕМІЗ!» интеллектуалды сайысы өтті
Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және пәндер бойынша алған білімдерін тереңдету мақсатында мектебімізде «БІЛІММЕН – БІЗ БІРГЕМІЗ!» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.
Сайыс барысында қатысушылар қазақ тілі, математика, жаратылыстану, Қазақстан тарихы пәндері бойынша білімдерін ортаға салып, тапқырлық пен жылдамдықтарын көрсетті. Әр кезең оқушылардың ой ұшқырлығын, командалық жұмысын және өзара ынтымақтастығын шыңдауға бағытталды.
Интеллектуалды сайыс тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, білім бәйгесінде өзара бақ сынасты. Сайыс соңында үздік нәтижелер көрсеткен командалар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
Аталған шара оқушылардың білімге деген құлшынысын арттырып, өз мүмкіндіктерін көрсетуге үлкен мүмкіндік берді. Осындай танымдық әрі мазмұнды сайыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.







