«ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС»
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ішкі істер министрлігімен бірлесіп «Құқық бұзушылықтарға қарсы күрес» бойынша ақпараттық-танымдық жұмыс жүргізу мақсатында түсірілген бейнероликтер оқушыларға көрсетілді. Осы орайда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің төрағасы Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлы оқушылармен сұхбаттаса отырып, «КІТАП БЕТБЕЛГІЛЕРІ ЕМЕС» («НЕ КНИЖНЫЕ ЗАКЛАДКИ») және «ХУЛИГАНКА» атты қысқаметражды фильмдер көрсетілді.
Қысқаметражды фильм мазмұндары бойынша ашық форматта талқылау ұйымдастырылды. Талқылау барысында оқушылар құқықтық тақырыптағы сұрақтарға белсенді қатысып, өз пікірлерін еркін әрі дәлелді түрде білдірді. Фильмде көрсетілген жағдайлар арқылы білім алушылар заңға қайшы әрекеттердің салдарын талдап, құқық бұзушылықтың жеке адамға және қоғамға тигізетін кері әсері түсіндіріліп талқылданды.
Талқылау үдерісінде жасөспірімдерді қауіпті әрекеттерге итермелейтін факторлар, қысым мен манипуляция белгілері, сондай-ақ мұндай жағдайларда көмек сұраудың маңыздылығы қарастырылды. Оқушылар өз жауаптарында күнделікті өмірде заң талаптарын сақтау, саналы таңдау жасау және жеке жауапкершілікті сезіну қажеттілігі туралы тұжырымдар жасады.






