«Адалдық әліппесі: Үйден – Мектепке, Мектептен – Өмірге»
«Адалдық әліппесі: Үйден – Мектепке, Мектептен – Өмірге» рухани сұхбат
Қонағы: Байзақ аудандық сот төрағасы Досжан Төленбеков
Бүгін мектебімізде «Адалдық әліппесі: Үйден – Мектепке, Мектептен – Өмірге» тақырыбында рухани-танымдық сұхбат ұйымдастырылып, арнайы қонақ ретінде Байзақ аудандық сотының төрағасы Досжан Төленбеков шақырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік және құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өмірлік таңдауларда дұрыс бағыт беру.
Сұхбат барысында қонағымыз оқушыларға күнделікті өмірдегі адалдықтың маңызы, құқықтық нормаларды сақтау, өз іс-әрекетіне жауап беру және қоғам алдындағы міндеттер жайында өз тәжірибесіне сүйене отырып кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, жасөспірімдерге жиі кездесетін құқықтық қателіктер, оларды болдырмау жолдары және саналы азамат болудың негізгі қағидалары туралы мазмұнды пікірлерін бөлісті.
Оқушылар қонаққа өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасу алаңы қалыптасты. Әсіресе, жеке жауапкершілік, интернеттегі қауіпсіздік, мектептегі тәртіп және құқықтық сауаттылық жөніндегі кеңестері қатысушылар үшін аса пайдалы болды.
Іс-шара қорытындысында оқушылар адалдықтың үйден басталып, мектепте қалыптасып, өмір бойы адаммен бірге жүретін ең басты құндылық екендігін түсінді. Рухани сұхбат жас буынның ой-өрісін кеңейтіп, дұрыс көзқарас қалыптастыруға зор ықпал етті.
Осындай мазмұнды кездесулер оқушыларымыздың тұлғалық дамуы мен саналы азамат болып қалыптасуына үлкен серпін беретіні анық.







