Күзгі жәрмеңке – 2025!
Бүгін Ғани Мұратбаев атындағы гимназияда дәстүрлі «Алтын күз» жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұжымшылдыққа және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Жәрмеңкеге 5-8 сынып оқушылары белсене қатысып, өз қолдарымен дайындалған тағамдар мен бұйымдарын ұсынды.
Мерекелік көңіл-күй, ән мен би, әсем безендірілген үстелдер – бәрі де алтын күздің көркін арттырды







