«Әже ертегісі – бала жүрегінің шамшырағы»
Бүгін, гимназиямызда «Әже ертегісі – бала жүрегінің шамшырағы» атты іс-шара сәтті өтті. Іс-шара барысында оқушылар әжелердің ертегілерімен танысып, олардың тәрбиелік мәнін түсінді.
Балалар ертегілерді тыңдап қана қоймай, өз ойларын бөлісті, сүйікті кейіпкерлер туралы әңгімеледі және шығармашылық тапсырмалар орындады. Әжелердің даналығы мен ертегілердегі құндылықтар – балаларға адалдық, мейірімділік, достық сияқты маңызды қасиеттерді түсінуге көмектесті.
Қатысушылар белсенділік танытып, жағымды эмоциялар алды. Іс-шара соңында балалар мен әжелерге естелік сыйлықтар табыс етілді.








