Жас тілшілердің жаңа толқыны анықталды!
Гимназиямызда мектепішілік медиа кастинг өтті!
7–8 сынып оқушылары арасында өткен шығармашылық байқауда қатысушылар өз таланттарын журналистика, режиссура, дыбыс, бейне және анимация бағыттарында көрсетті.
Комиссия мүшелерінің шешімімен әр бағыт бойынша 7-сыныптан және 8-сыныптан оқушылар бағалау критерийлеріне сай таңдалып алынды.
Дарынды оқушылар енді гимназияның медиа жобаларына белсенді қатысып, мектеп өміріндегі маңызды жаңалықтарды жеткізетін болады!#эксперименталаңы






