Қарияларға қамқорлық көрсетейік!
Бүгін, 1 қазан күні Халықаралық қарттар күніне орай, «Қарияларға қамқорлық көрсетейік» тақырыбында жалғыз басты қарт кісілерге көмек көрсету қайырымдылық акциясы өтті. Шараның мақсаты жалғызілікті қарттармен сұхбаттасып, оқушылардың қолдан келген көмектерін көрсетіп, балаларды саналы тәрбие беруге, жанашырлық, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру, қарттарымызды құрметтеп, сыйлауға, оқушы бойына асыл қасиеттерді сіңдіруге, үлкенге өнеге, кішіге үлгі болуды үйрету. Үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі.
2023






