Әкелер клубы аясында футбол турнирі өткізілді
Бүгін «Әкелер клубы» аясында футбол турнирі ұйымдастырылып, оған түрлі сыныптардың әкелері белсене қатысты. Турнирдің басты мақсаты – әкелердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ата-аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайту болды.
Шара барысында қатысушылар өзара тартысты ойын өрнегін көрсетіп, командалық рух пен достықты паш етті. Әкелердің ынтымақтастығы жас ұрпаққа үлгі болып, спорт арқылы бірлікті арттыра түсті.
Жеңімпаз командалар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді. Турнир достық атмосферада өтіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.







