Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі.
Гимназияда қыз тәрбиесіне басты мән беру, жат қылықтардың, ерте жүктіліктің алдын алу, өтпелі кезеңдегі психологиялық-физиологиялық өзгерістерді қабылдауда қолдау көрсету, сондай-ақ, имандылық, инабаттылық, ізеттілік сынды қасиеттерді бойларына сіңіру мақсатында гимназия психологы А.Байдуалы мен медбике Г.Ахатова ұйымдастыруымен жоғарғы сынып қыздарына ерте жыныстық жетілулержәне ерте жүктіліктің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, түсіндірме жұмыстарына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де қатысып, өз ойларымен бөлісті.






