«Қыз Жібек» клубы, қыздар жиналысы
Мақсаты: Қыз тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыру.
Бүгін, гимназиясында «Қыз баланың бой жетуі» атты тақырыпта қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа аудандық аурухана дәрігері Қожахмет Мадина Рахметқұлқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп медбикелері, тәлімгер және психологтардың қатысуымен 8 — 11 сынып қыз балаларының арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында жұмыс жүргізілді.
Қыздарға жасөспірімдік кездегі физиологиялық өзгерістер жайында, сонымен қатар ұл-мен қыздың арасындағы қарым-қатынас туралы айтылды. Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата – бабалар ілімдері туралы түсініктер берілді. Отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктер жөнінде де сөз қозғалды. Жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән – мағынасына да тоқталды. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарады.
