«Жеңіс жолы: шәкірт пен ұстаз бірлігі»

11-сынып оқушысы Асанова Назли қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиадада мектеп абыройын асқақтатты. Аудандық, облыстық кезеңдердегі жеңіс республикалық деңгейде лайықты нәтижемен жалғасты. Бұл — Назлидің табандылығы мен жетекшісі Айнұр Берекеқызының үздіксіз еңбегінің айғағы. Сұхбатта жеңіске жету жолындағы ізденіс пен ұстаз–шәкірт ынтымағы сөз болды. Осындай жетістіктер мектеп үшін үлкен мақтаныш.#эксперименталаңы

Жас зерттеушінің үлкен жеңісі

Облыстық ғылыми жоба байқауында топ жарып, республикаға жолдама алған жас талант Ақсұңқар Ақзатұлы туралы арнайы сұхбатымыз жарық көрді.

Оның «Жеміс қабығынан хош иісті май алу» атты жұмысы — қарапайым дүниені жаңаша зерттей білудің, табандылық пен қызығушылықтың жемісі. Жас ғалымның ғылымға деген құлшынысы мен ізденісі көпке үлгі болары анық.

Ақсұңқардың алдағы республикалық кезеңде де биік белестерді бағындыратынына сенеміз.
Балаларымыздың ғылымға деген қызығушылығы арта берсін!#эксперименталаңы

Нұржамал Ережепбайқызымен сұхбат

«Әрбір бала-бір жұлдыз» сұхбат алаңында Мұрат Шахмаматов

“Жауапкершілік”айлығының аясында “Жауапкершілік — ізгі құндылық” тақырыбында Примкулова Гаухар Секенқызымен сұхбат

Бұл бағдарлама кәсіби сұхбат мазмұнындағы әріптестер жүздесуі. Мақсаты, оқу — тәрбие үдерісін жақсартуға бағытталған кәсіби көзқарастар мен тәжірибелер негізінде ой бөлісу, жаңа технологиялар мен әдіс — тәсілдердің тиімділігін насихаттау.
Бүгінгі «GM арнасы» (Ғани Мұратбаев арнасы) қонақтары Тараз қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Тұрысбекова Насихат Мамбетбайқызы мен гимназия директорының оқу — әдістемелік орынбасары Рамазанов Сергей Нариманұлы. Сұхбат тақырыбы : «Сабақты зерттеу педагогтардың кәсіби дамуына негіз бола алады ма?»
Мектеп студиядасындағы алғашқы кәсіби бағдарлама болғандықтан бағасын беріңіздер, көрермендер?

«Тәуелсіздік тұғырым» бұл бүгінгі «GM арнасы» сұхбатының тақырыбы. Сұхбат ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады. Сұхбатты жүргізуші 10 сынып оқушысы Кулмурзаева Нұрбақыт. Студия қонағы тарих пәні мұғалімі Құрманбаева Нұржамал Ережепбайқызы.
Арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар құрметті көрермендер!

“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында гимназиямыздың “GM арнасында” жас жеткіншектерді оқуға баулу және кітап оқуды насихаттау мақсатында “Сөз өнері және сана” бағдарламасы жүргізілуде. Осы бағдарламаның алғашқы қонағы ретінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік унеиверситетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мұқашев Темірбай Әліұлы қонаққа шақырылып, қазақ әдебиетінің заңғар жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы аясында “Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы балалық кезеңінің бейнеленуі” тақырыбында сұхбат жүргізілді. Сұхбатты жүргізген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Жұмағұлова Гүлжайнар Есенғалиқызы.

Журналист мамандығы — қиындығы мен қызығы мол жауапты сала. Қоғамға да адамға да қызмет ететін мамандық. Бүгінде көптеген жас жеткіншектер де журналист болуды армандайды. Жуырда гимназиямызда «Самғау» дарынды балалар орталығының ұйымдастыруымен балаларға кәсіби бағдар берудің бір бағыты ретінде «GM арнасы» (Ғани Мұратбаев арнасы) атауымен түрлі бейнетүсірілімдер жасайтын студия ашылу жоспарлануда. Осы арнаға 7 — 10 сынып оқушылары арасында жас тележүргізушілер кастингі өткізілді. Кастингке 50 -ге жуық оқушы қатысты. Талабы таудай барша балаларға сәттілік тілейміз!

11.11.2021ж. күні дарынды оқушыларды қолдау, балаларды сөз өнеріне баулу, ақпаратты өңдеу мен командалық жұмыс істеу дағдыларын дамыту мақсатында «ĞM арнасы» студиясы ашылды. Студияның алғашқы құрметті қонағы ретінде Байзақ ауданы білім бөлімінің басшысы Мамырбаев Нұрболат Серікұлы шақырылып, оқушылар шығармашылығына қолдау көрсеттіп, студия жұмысына сәттілік тіледі. Оқушылардың өзін өзі басқару ұйымы президенті Жарқынбекқызы Ұлпан алғашқы бағдарлама жүргізушісі ретінде қонақтардан сұхбат жүргізді.