ГИМНАЗИЯ ОҚУШЫЛАРЫ АУҒАН АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ!
5 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Биыл сол соғыстың аяқталғанына – 36 жыл толып отыр. Осыған орай гимназия тәлімгері Бибосынова Рухани Кенесбековнаның ұйымдастыруымен «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында Ауған соғысының ардагерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Ауған ардагері Көөкев Бақытжан қатысты. Шараға қатысқан ардагеріміз оқушыларға патриоттық тəрбие бере отырып Отанға деген құрмет сезімдерімен бөлісті. Сонымен қатар, патриоттық өлеңдер, оқылып оқушыларымыз керемет көңіл-күй сыйлады. Жиынды қорытындылаған АƏД пəні мұғалімі Құрбанов Мұрат Сапарбайұлы бүгінгі іс-шараға қатысқан Ауған соғысының ардагерін мерекесімен құттықтап, ардагерлердің өжеттігін үлгі етуге, есімдерін қастерлеуге шақырды.
