«Мамыр ынтымақ айы» аясында «Каникулда кітап оқиық» атты буккроссинг
Буккроссинг — бұл оқырмандарды әсіресе жастарды кітапханға тартудағы заманауи әдіс бағдарламасы аясында мектеп кiтапханасында «Буккроссинг» кiтап алмасу бұрышы ұйымдастырылды. Ендi бұл бұрышқа кез келген оқушылар үзілісте кітаппен таныса алады және ұнаған кітапты оқуға өзімен алуға болады. Егер ұнатса өзiне қалдырады. Ал орнына өзi оқып тастаған кiтапты немесе газет-журналдарды қойып кетедi. Бiз бақылау жүргiзбеймiз. Оқырман билетi толтырылмайды. Мұны ашық кiтапхана деуге болады. Мақсаты – кiтаптарға екiншi өмiр сыйлау, олардың пайда әкелуiне жол ашу. Яғни, кiтаптар сөрелерде бекерге шаң басып жатпауы керек. Қорыта айтқанда, буккроссинг «өзiң оқы да, өзгеге ұсын» қағидасына негiзделген қарапайым iс-әрекеттен тұрады. Кітаптармен алмасу ізгілігі балаларға ұнады.