Мектепішілік «SAMǴAÝ» зияткерлік пәндік олимпиадасы
Гимназияның мектепішілік цифрлық трансформациялау тәжірибе алаңы қызметкерлері мен педагог ұйымдастырушылары оқу-тәрбие жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 18-19 қаңтар күндері дарынды балаларға арналған мектепішілік «Samgaý» зияткерлік пәндік олимпиадасының бастауыш сынып оқушыларына арналған I кезеңін өткізді.
Зияткерлік пәндік олимпиаданың мақсаты оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін дамыту, пәндік білімдерін тереңдету, оқушыларды аудандық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау болып табылады.
Олимпиадаға қатысатын барлық дарынды оқушыларымызға сәттілік тілейміз!