Өзін-өзі басқару ұйымы
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
Жарқынбекқызы Ұлпан
Курганбаев Жандарбек
Бақытқызы Шапағат
Сайлау Мағжан
Сайлибай Мөлдір
Нариман Нурдаулет
Тазабек Шұғыла
Курбанов Рамазан
Жаңабай Дамира
Абдижалил Мадияр
Лесбек Дамира
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясында қашықтықтан оқытуға байланысты 2020-2021 оқу жылына арналған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмыс жоспары
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясында қашықтықтан оқытуға байланысты
2023-2024 оқу жылына арналған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмыс жоспары
Мақсаты мен міндеттері
«Жас Ұланның» мақсаты:
- Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
«Жас Ұланның» міндеттері:
- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
- Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
- Танымдық жұмыстарды ынталандыру;
- Балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
- Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Басым бағыттары:
- «Зерде» (танымдық) бағыты
- «Руханият» (адамгершілік , адалдық ) бағыты
- «Отан» (патриоттық) бағыты
- «Салауат» (салауатты өмір салты) бағыты
- «Еңбек » (еңбексүйгіштік , іскерлік) бағыты
- «Экоәлем» ( экологиялық ) бағыт
- «Жеті жарғы» (құқықтық) бағыты
«Зерде» бағыты бойынша – «жасұландықтардың» интеллектуалдық мəдениетін, ойлау қабілетінің белсенділігін, ақыл- ой деңгейін жəне шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға жəне дамытуға,туындаған мəселелерді шешу , жоспар құру жəне өзіндік өмірлік іс-əрекеттеріңді басқаруға, бүгінгі жаңа ғылыми дүниетанымды иегеруіне, балалардың интеллектуалдық ойындарға, дебаттарға, олимпиадаларға, жобаларға жəне зерттеу жұмыстарына қатысуына əсер ететін бағыт. Өзін-өзі тану, отбасы және қоршаған орта туралы толық білу, осы заманға ғылыми және мәдени біліммен қарулану, өз елінде және өзге елде болып жатқан жаңалықтармен танысу. Сабақтан уақытта оқушылардың зияткерлік деңгейінің көтерілуін жан-жақты көзқарасының кеңейуін жетілдіруге, үнемі ізденіс пен білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал ететін шараларды қамтиды.
«Руханият» бағыты бойынша – «жасұландықтардың» өзіндік жəне басқа халықтардың адамгершілік, этикалық, бейнелеу- эстетикалық негіздерін дамытуға жəне қалыптастыруға, өз түсініктеріңді басқа адамдар мен əлеуметтік топтардың қызығушылықтарымен біріктіруге, жеке тұлғаның əдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дəстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін жəне бағдарларын қалыптастыруға, қоғамның қазіргі құрылымын түсінуге жəне осы қоғамда əлеуметтік- адамгершілік құндылықтар жəне əлеуметтік бағыттар негізінде қызмет етуге мүмкіндік беретін бағыт .Балалар мен жас жеткіншектерді жалпы адамгершілік қасиеттерге ие боуға және Отанға, еңбекке, жалпы қоршаған ортаға, өзінің жеке тұлғасына деген сезімін тәрбиелеу. Даму және дамыту, ізгілік пен парасаттылық қасиеттерін сіңдірту.Жақсылық атаулыға деген арттырып, жамандыққа жол бермейтін ата- ана, туыс, достар, ұжым, халық, Отан алдындағы парызды сезінетін,
адалдық,, адамгершілік ұстанымдарды берік сақтауға үйрететін шараларды қамтиды.
«Отан» бағыты бойынша – «жасұландықтардың» санасында қазақстандық танымның жəне мəдени түсініктің қалыптасуына, азаматтық парыздың орындалуына , толеранттылық пен патриоттық , отанға қызмет етудің маңыздылығы, өз халқың үшін мақтаныш сезімі, мемлекеттік рəміздерді, мемлекеттің жəне туған өлкеңнің идеологиялық негіздерін білуге жағдай жасайтын бағыт .Отанымыз Қазақстанның өткен тарихы мен оның қалыптасу, даму , нығайту жолдарымен таныстыратын, халық тарихына қатысты ұлы тұлғалар жөнінде білім беретін, әдеби және мәдени құндылықтарды насихаттайтын, шетелде тұратын қазақ балаларымен байланыс орнатуға ықпал жасайтын, жалпы халықтық мейрам – мерекелерді өткізуді, мемлекеттік тілді меңгертіп, оның қолдану аясын кеңейтуне бағытталған шараларды қамтиды.
«Салауат» бағыты бойынша – «жасұландықтардың» салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спорттық, туристік, экспедициялық жəне өлкетанушылық бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы дене шынықтыруды дамытуға əсер ететін бағыт .Ағзаны шынықтыратын, дененің дұрыс қалыптасуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ететін, гигиеналық дағдыларға баулитын, ұлттық ойындарды меңгертетін, олардың пайда болу және даму тарихымен таныстыратын, салауатты өмір салтын насихаттайтын, ірі спорттық жетістіктерге ынталандыратын, әр кезеңдегі спорт саңлақтарының өмірі мен спорттағы жетістіктерімен таныстыратын іс-шараларды қамтиды.
«Еңбек» бағыты бойынша – «жасұландықтардың» бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірліктабыстарға жетудің басты тəсілі мен жоғары құндылық екендігін түсіндіретін, олардың мамандандырылған бейініне əсер ететін, «бизнес-инкубаторлар» мен балалар кəсіпорындарын құру арқылы кəсіптік білім беретін, кəсіпкерлік, экономикалық жəне құқықтық біліктіліктерін қалыптастыратын бағыт . Жеке тұлға ретінде қалыптасуға ықпал ететін, қоғамдық негізде қйымдастырылған жұмыстарға қатысу, өзі тұратын өңірде кең таралған еібек түрлерімен танысу арқылы қажетті еңбек дағдыларын үйрету. Туған өңірінде ір кезеңде еңбегімен танымал болған, атақты тұлғалардың өмірі мен еңбектегі жетістіктерімен таныстырып , оны мақтаныш етуге, өнер түрлері және еңбек рахатын, сқлулығын сезіне білуге ықпал ететін шаралар қамтиды
«Жеті жарғы» бағыты- мектеп Жарғысын,оқушыларға арналған мінез –құлық ережелерін білуге,оны сақтауға, мемлекет пен оның заңдарын құрметтеп қарауға , жеткіншектердің күнделікті өмірде өздерінің жүріс-тұрысына басшылық жасай білуіне ықпал ететін, өз мемлекетінің азаматтарына қамқорлықпен қарап, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға ат салысатын оқушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыруға, заң бұзушылыққа қарсы күресуге ықпал ететін шараларды, жастар арасында әр түрлі жүргізілетін әлеуметтік-құқытық маңызы бар шараларды қамтиды.
«Экоәлем» бағыты-табиғат туралы түсініктерін кеңейтуге, табиғат пен адамзат арасындағы байланысты сезінуге, қоршаған орта сұлулығын сезінуге және көре білуге, оны қорғауға, туған өлке табиғатын танып білуге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруғы, экологиялық зардаптардың себебінтүсініп, оны жоюға ұмтылатын,жалпы экологиялық мәселенің адамзат тіршілігіне тікелей байланысын сезінуге ықпал ететін шараларды қамтиды
Қыркүйек | ||||
№ | Іс-шаралар атауы | Бағыты
|
Жауапты | Қорытынды |
1 | 1-қыркүйек Білім күніне орай оқушылардың құттықтауы | Зерде | Тәлімгер | Бейнеролик |
2 | «Абайлаңыз, балалар!» акциясы | Жеті жарғы | ДҚТІЖО,
Тәлімгер |
Акция |
3 | «Отбасы сәні сыйластық» отбасы күніне орай бейнебайқау | Руханият | Сынып жетекшілер,
Тәлімгер |
Бейнеролик |
4 | «Жас Ұлан ұйымымен бірге жарқын болашаққа қадам» Жас ұлан ұйымының мүшелерімен онлайн жиналыс | Отан | ДТІЖО,
Сынып жетекшілер Тәлімгер |
Қашықтықтан жиналыс |
5 | 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай «Қарияларға қамқорлық көрсетейік» тақырыбында жалғыз басты қарттарға көмек көрсету | Жеті жарғы | Тәлімгер | Акция |
Қазан
№ | Іс-шаралар атауы | Бағыты | Жауапты | Қорытынды |
1 | «Ұстаздар асыл жандар» тақырыбында ұстаздар күніне орай оқушылардың құттықтауы | Зерде | Сынып жетекшілер
Тәлімгер |
Бейнеролик |
2 | «Күз береке, күз мереке» тақырыбында суреттер байқауы | Руханият | Сынып жетекшілер,
Тәлімгер |
Фото |
3 | «Сырға толы өлкем» Аудан мекендері, жер, су атаулары туралы зерттеулер жиынтығы | Отан | Тәлімгер,
Жас Ұландықтар |
Байқау |
4 | Экоәлем | Сынып жетекшілер,
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдері, Тәлімгер |
Бейнеролик,
Фото |
Қараша
№ | Іс-шаралар атауы | Бағыты | Жауапты | Қорытынды
|
1 | «Арайлы, алтын күз» тақырыбында онкүндік акция | Экоәлем | Тәлімгер, Жас Ұландықтар | Бейнеролик, суреттер |
2 | «Елін сүйген, жерін сүйген-ер аға!» онлайн концерт | Отан | Сынып жетекшілер
Жас ұландықтар |
Фото, бейнеролик |
3 | «Кемелді келешекке бастар жол» атты патриоттық әндер байқауы | Жеті жарғы | Тәлімгер, Жас Ұландықтар | Бейнеролик |
4 | «Ер есімі, ел есінде» Ғазиз Байтасовты еске алу іс-шаралары | Отан | Тәлімгер, Жас Ұландықтар | Сынып сағаттары,
Даңқ аллеясына гүл қою |
Желтоқсан
№ | Іс-шаралар атауы | Бағыты | Жауапты | Қорытынды
|
1 | «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» түсіндірме жұмыстары | Салауат | Тәлімгер, Жас Ұландықтар | Ақпарат шолу |
2 | «Жасыл әлем» тақырыбында ертегілер байқауы | Экоәлем | Жас ұландықтар | Байқау |
3 | 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай «Жас Ұлан» ұйымы қатарын толықтыру | Жеті жарғы | Тәлімгер, Жас Ұландықтар | Ұйымға қабылдау |
4 | Жаңа жыл мерекесімен құттықтау | Ұйымдастыру іс-шаралары | Сынып жетекшілер,
Тәлімгер, Жас Ұландықтар |
Бейнеролик |
Қаңтар
№ | Іс-шаралар атауы | Бағыты | Жауапты | Қорытынды |
1 | «Білім ырыс қазығы» интелектуалды сайыс | Зерде | Сынып жетекшілер,
Тәлімгер |
Сайыс |
2 | «Бақытты болашақ-жастардың қолында» эссе байқауы | Руханият | Сынып жетекшілер,
Тәлімгер |
Эссе |
3 | Бала құқығы туралы заң бала көзімен….. | Жеті жарғы | ДҚТІЖО,
тәлімгер |
Кездесу |
4 | «Бірінші байлық денсаулық» | Салауат | Тәлімгер, Жас Ұландықтар | Кездесу |
Ақпан
№ | Іс-шаралар атауы | Бағыты
|
Жауапты | Қорытынды |
1 | «Мүмкіндік сыйлаған орта» психологиялық тренинг | Руханият | Тәлімгер,
Гимназия психологі |
Тренинг |
2 | Қызықты экологиялық факторлар | Экоәлем | Тәлімгер | Байқау |
3 | «Ерліктері ел есінде!» интерноционалист-жауынгерлер туралы ақпараттық шолу | Отан | ДҚТІЖО,
тәлімгер |
Ақпараттық шолу |
4 | «Ұлтымның алтын қазынасы» Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеу | Жеті жарғы | Сынып жетекшілер,
Тәлімгер |
Бейнеролик |
Наурыз
№ | Іс-шаралар атауы | Бағыты
|
Жауапты | Қорытынды |
1 | «Алғысым шексіз баршаңа» | Отан | Тәлімгер, Жас Ұландықтар | акция |
2 | «Ардақты ана, аяулы ана-қымбаттым» 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мерекелік құттықтау | Зерде | Тәлімгер, Жас Ұландықтар | Бейнеролик |
3 | Мүмкіндігі шектеулі, үйде оқытылатын оқушылармен кездесу | Руханият | Тәлімгер, Жас Ұландықтар | Кездесу |
4 | «Наурыз жыл басы» | Отан | Тәлімгер, Жас Ұландықтар | Бейнеролик |
Сәуір
№ | Іс-шаралар атауы | Бағыты | Жауапты | Қорытынды |
1 | Отбасылық сенбілік | Еңбек | Тәлімгер, Жас Ұландықтар | Сенбілік |
2 | «Күздің кереметі» атты экибано | Экоәлем | Тәлімгер,
Ұлан басы |
Байқау |
3 | «Құстар біздің досымыз» | Еңбек | Тәлімгер, Жас Ұландықтар | қамқорлық жұмыстары |
4 | Туған ауылымның экологиясы | Экоәлем | Тәлімгер, Жас Ұландықтар | Байқауы |
Мамыр
№ | Іс-шаралар атауы | Бағыты | Жауапты | Қорытынды |
1 | Ғаламтор мен терезесі тең бе? | Зерде | Педагог ұйымдастырушы | дебат |
2 | «Өткенге хат» | Руханият | Тәлімгер, Жас Ұландықтар | Эссе |
3 | «Бейбітшілікті бейнелеймін» | Еңбек | Тәлімгер, Жас Ұландықтар | Байқау |
4 | Көңілді отбасы | Зерде | Тәлімгер, Жас Ұландықтар | Бейнеролик |