“Әз Наурыз – жаңару мен берекенің бастауы”
Гимназиямызда ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтті. Бұл күні оқушылар мен ұстаздар бір шаңырақ астында жиналып, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, қазақ халқының бай мәдениетін насихаттады.
Мерекелік шара барысында оқушылар ән шырқап, би билеп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Әсіресе, қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер қойылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ақ дастархан жайылып, наурыз көже ұсынылып, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бұл мереке – тек көктемнің келуі ғана емес, ол – бірлік пен татулықтың, ізгілік пен жаңарудың символы. Осындай игі шаралар жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырары сөзсіз.








