Салт — дәстүр — баршамыздың құндылығымыз!
Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы, қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Ұлттық мәдениеттің негізі-салт дәстүр. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Бастауыш сыныптарының ұйымдастыруымен мәдени ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында “Салт — дәстүр баршамыздың құндылығымыз” атты іс-шара өткізілді. Шарада ежелден келе жатқан салт дәстүріміз «Тұсаукесер» дәстүрі қойылды. Кішкентай балақайдың тұсауын кесіп, баталарын беріп, ырым бойынша алдына түрлі заттар қойып таңдау жасатты.