Педагогтың ғылыми-әдістемелік жұмысының рейтингісі
Мұғалімнің кәсіби еңбегін бағалау өлшеуіштері туралы
Ереже
Мұғалімнің кәсіби еңбегін бағалау өлшеуіштері туралы Ереже Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының педагогикалық кеңесінде талқыланып, бекітілді, хаттама №1, 29.08.2018 жыл
Педагогтардың кәсіби еңбегін рейтингтік бағалау өлшеуіштерінің әзірлемесі
Инновациялық білім мекемесі мұғалімінің ғылыми-әдістемелік жұмысының басты құндылығы ұстаздың өз кәсіби шеберлігін жүзеге асыруға, өзін -өзі өзектілендіруге және өз ісін тиімді ұйымдастыруға әзір жеке тұлға бола алуымен анықталады.
Мұғалімнің ғылыми-әдістемелік жұмысының сапасын арттыру тек білімін тереңдетумен ғана шектелмейді, ол ең алдымен, білім сапасын арттыруға бағытталған жаңа технологиялардың астарына терең бойлай алу әрекеті болып табылады.
Кейбір статистикалық мәліметтер бойынша жаңа идеялар мен мақсаттар туындап, жаңа сапа мен инновацияға түрткі дәрежесі бойынша көшу кезінде педагогикалық ұжым мүшелері төмендегідей топтарға бөлінеді:
- Көшбасшылар – 150 балдан жоғары;
- Қалыптасқан мұғалім – 100 – 149 балл;
- Дамушы мұғалім – 50 – 99 балл;
- Тоқырау деңгейіндегі мұғалім– 2–49 балл.
Мұғалім өзінің нақты миссиясын сезінген жағдайда ғана өз ісіне есеп беруі, өзін- өзі таныта алуы, өзін-өзі дамытып, жаңашылдыққа құлшыныс танытуы арта бастайды.
Жалпы ережелер:
- Оқу-тәрбие үдерісін кадрлармен қамтамасыз ету – мектепті басқарудағы ең маңызды бөлімінің бірі.
- Мұғалімнің еңбегін, нәтижесін бағалау үдерісі – педагогикалық кадрлармен жұмыстың бір бағыты.
Мақсаты: мұғалімдердің өз кәсіби тұрғыдағы мәселелерін өз тарапынан түйсініп, өзіндік шешім қабылдай алуға белсендіре отырып, нәтижеге бағытталған жұмыс жасауын қамтамасыз ету, бәсекелік орта қалыптастыру.
Міндеттері:
- Мұғалімдер жетістіктерінің өзгеру динамикасының мониторингісі.
- Нәтижелерін әріптестерінің нәтижелерімен салыстыру.
- Педагогтардың портфолиосы түріндегі мәліметтер базасын қалыптастыру.
Іс-әрекеттің мазмұны
- Жыл бойы мұғалім іс-әрекетінің диагностикасын жүргізу.
- Бірінші жартыжылдықта және жылдың соңындағы қорытынды бойынша рейтинг шығару.
Педагогтың ғылыми-әдістемелік жұмысының рейтингісін есептеу критерийлері:
№ | Критерийлер | Деңгейі | Жүлделі орын | Балл |
1 | Оқу жылында ашық сабақ өткізу (әр ашық сабақ) | 1 | ||
2 | Оқу жылында сыныптан тыс іс-шара өткізу (әр сыныптан тыс іс-шара) | 1 | ||
3 | Оқу жылында семинарлар мен конференцияларда озық іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздар | аудандық | 7 | |
облыстық | 8 | |||
республикалық | 9 | |||
халықаралық | 10 | |||
4 | Оқу жылында мұғалімдер арасында түрлі байқаулар мен зияткерлік сайыстардың жеңімпаздары (жеке және топ ретінде қатысқан) | аудандық | І орын | 7 |
ІІ орын | 6 | |||
ІІІ орын | 5 | |||
облыстық | І орын | 10 | ||
ІІ орын | 9 | |||
ІІІ орын | 8 | |||
республикалық | І орын | 13 | ||
ІІ орын | 12 | |||
ІІІ орын | 11 | |||
халықаралық | І орын | 16 | ||
ІІ орын | 15 | |||
ІІІ орын | 14 | |||
5 | Оқу жылында мұғалімдер арасында ҚИО | қатысу | 2 | |
Үздік нәтиже | 5 | |||
ІІІ орын | 7 | |||
ІІ орын | 9 | |||
І орын | 11 | |||
6 | Оқу жылында мұғалімдерге арналған интернет байқаулардың жеңімпаздары | ІІІ орын | 5 | |
ІІ орын | 6 | |||
І орын | 7 | |||
7 | Оқу жылында авторлық бағдарлама дайындап, тарату | аудан деңгейінде таратуға ұсыныс берілген | І орын | 7 |
ІІ орын | 6 | |||
ІІІ орын | 5 | |||
облыс деңгейінде таратуға ұсыныс берілген | І орын | 10 | ||
ІІ орын | 9 | |||
ІІІ орын | 8 | |||
республика деңгейінде таратуға ұсыныс берілген | І орын | 13 | ||
ІІ орын | 12 | |||
ІІІ орын | 11 | |||
8 | Мұғалімдердің баспаға материал жариялауы | интернет ресурстарында | 2 | |
аудандық | 3 | |||
облыстық | 4 | |||
республикалық | 5 | |||
халықаралық | 6 | |||
9 | Марапаттаулар (алғыс хат, грамоталар) | мектепішілік | 2 | |
аудандық | 5 | |||
облыстық | 10 | |||
республикалық | 15 | |||
халықаралық | 20 | |||
10 | Бірлестік мұғалімдерінің семинарларды ұйымдастыруы | аудандық | 5 | |
облыстық | 10 | |||
республикалық | 15 | |||
11 | Оқушылар арасында пән бойынша олимпиада жеңімпаздары | аудандық | І орын | 7 |
ІІ орын | 6 | |||
ІІІ орын | 5 | |||
облыстық | І орын | 10 | ||
ІІ орын | 9 | |||
ІІІ орын | 8 | |||
республикалық | І орын | 13 | ||
ІІ орын | 12 | |||
ІІІ орын | 11 | |||
халықаралық | І орын | 16 | ||
ІІ орын | 15 | |||
ІІІ орын | 14 | |||
12 | Оқушылар арасында ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары | аудандық | І орын | 7 |
ІІ орын | 6 | |||
ІІІ орын | 5 | |||
облыстық | І орын | 10 | ||
ІІ орын | 9 | |||
ІІІ орын | 8 | |||
республикалық | І орын | 13 | ||
ІІ орын | 12 | |||
ІІІ орын | 11 | |||
халықаралық | І орын | 16 | ||
ІІ орын | 15 | |||
ІІІ орын | 14 | |||
13 | Оқушылар арасында түрлі байқаулар мен зияткерлік сайыстардың жеңімпаздары | аудандық | І орын | 4 |
ІІ орын | 3 | |||
ІІІ орын | 2 | |||
облыстық | І орын | 7 | ||
ІІ орын | 6 | |||
ІІІ орын | 5 | |||
республикалық | І орын | 10 | ||
ІІ орын | 9 | |||
ІІІ орын | 8 | |||
халықаралық | І орын | 13 | ||
ІІ орын | 12 | |||
ІІІ орын | 11 | |||
14 | Оқушыларға арналған ҚИО | қатысу | 2 | |
Үздік нәтиже | 4 | |||
І орын | 7 | |||
ІІ орын | 6 | |||
ІІІ орын | 5 | |||
15 | «Дарын» орталығының ұйымдастырған байқауларының жеңімпаздары | І орын | 7 | |
ІІ орын | 6 | |||
ІІІ орын | 5 | |||
16 | Оқушылар арасында түрлі қашықтық байқаулардың жеңімпаздары | Үздік нәтиже | 0,5 | |
ІІІ орын | 1 | |||
ІІ орын | 1,5 | |||
І орын | 2 |