«Озық педагогикалық идеялар шеруі»
2026 жылдың 27 наурыз күні Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясында «Озық педагогикалық идеялар шеруі» пән бірлестіктері арасындағы мектепішілік байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған нақты педагогикалық шешімдер мен дайын өнімдерді анықтау және тәжірибеге енгізу.
Педагогтердің 6 пән бірлестігінен қатысқан командалар озық педагогикалық идеяларын ұсынып, жүлделі орындар үшін таласты. Байқауға Байзақ ауданы білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Ермеков Елнұрбек Сайлаубекұлы, Байзақ ауданы білім саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Абдурасилов Шары Нұрасылұлы және Байзақ ауданының білім бөлімінің әдіскері Ибрагимова Гулзира Калмахановна төрешілік етті.
Байқау қорытындысы бойынша ең үздік педагогикалық идея ұсынған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері бірлестігіның «Тіл – дарын» командасы жүлделі І орын жеңімпазы болып, 20 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. ІІ орын мен 15 000 теңге қаржылай сыйлықты жаратылыстану пәні мұғалімдері бірлестігінің «SciVision» командасы иеленді. ІІІ орын мен 10 000 теңге қаржылай сыйлық сертификатына тарих пәні мұғалімдері бірлестігінің «Ұлы дала ұрпақтары» командасы иеленді.
Сонымен қатар байқауға қатысқан Бастауыш пәні мұғалімдерінің пән бірлестігінің «Білім бастауы», ағылшын тілі пәні мұғалімдері бірлестігінің «English BAND», математика және информатика пәні мұғалімдері бірлестігінің «Цифрлы педагог» командалары 5000 теңгелік ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз!









