Мектепті цифрландырудағы мұғалімнің рөлі
Эксперимент алаңының жұмыс жоспарына сәйкес «Мектепті цифрландырудағы мұғалімнің рөлі» тақырыбында т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Б.Тасуовтың жетекшілігімен мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Б.Тасуов цифрландыру жағдайында мұғалімнің рөлі қалай өзгереді және мұғалімге қажетті дағдылар, білім беруде цифрлық технологияларды енгізу – бұл бүкіл команданың үйлесімді жұмысын талап ететін күрделі және көп қырлы процесс екенін атап айтты. Жалпы мектепті цифрландыру – бұл сәнге деген құрмет емес, өмірлік қажеттілік деп ойын қорытындылады. Гимназия мұғалімдері тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қызу талқыланды.