“Мектебім-мейірім мекені” салтанатты жиыны
Қыркүйек айының алғашқы күні оқушылар қауымы алтын ұя мектептерімен қауышты. 2024-2025 оқу жылының салтанатты жиыны «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында ұйымдастрылды.
Салтанатты жиынға Жамбыл облыстық мәслихатының аппарат басшысы Абдукасымов Даурен Рахымұлы, ардагер ұстазымыз Сыздықбаева Шолпан Ұзақбайқызы қатысты.
Гимназия директоры Қайпулдаев Арыстанбек Қалыбекұлы барша салтанатты жиынға қатысушыларды білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тілеп жылы лебізін білдірді.
Баршаңызды 1 қыркүйек білім күні мерекесімен құттықтаймыз!