«Сыңғырла, соңғы қоңырау»
Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, мектеп бітірушілер мен оқу жылын аяқтаған балалар үшін «Соңғы қоңырау» соғылуда. «1 маусым-Халықаралық Балаларды қорғау» күнінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты іс-шараның куәсі болды.
Салтанатты жиын қонақтары ұстаздар мен оқушыларды, ата- аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтай отырып түлектерге алдағы ҰБТ сынағынан сүрінбей өтіп жоғары деңгейден көріне берулеріне тілектес екендігін жеткізді. Сонымен қатар, бұл күн оқушыларға ғана емес, олардың ата –аналарына, сонымен бірге бір жылдық қажырлы еңбекті қорытындылайтын мұғалімдер үшін де үлкен мереке екендігін атап өтті.Қымбатты да, қадірлі ұстаздар қауымын осынау ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті атқарып жүргендеріңізге алғысын білдірді!