1977 – Мектеп түлектері Мәскеу, Новосібір, Ленинград және т.б. қалаларының жоғарғы оқу орындарында білімдерін табысты алып жүргені үшін облыстық білім басқармасының мәліметінде облыс көлеміндегі алдыңғы қатарлы мектептер санына қосылды; мектеп директоры Гаджиев Шыңғыс Юсупович «КСРО еңбек сіңірген ұстазы» төс белгісімен марапатталды
1984 – «Ең үздік мектепішілік бақылау жүйесі» тақырыбында мектептің іс тәжірибесі облыс көлемінде таратылды (Жамбыл облысы мұғалімдердің білімін жетілдіру және қайта даярлау институтының тарапынан). Мектеп директоры — «КСРО еңбек сіңірген ұстазы» О.А. Мелентьева.
1994 – Мектепте оқыту тілі аралас: қазақ және орыс тілдері. Мектеп директоры — «ҚР Білім беру ісінің үздігі» Хван Р.А.
1998 – Мектеп аудандық тірек мектебі болып тағайындалды
2001 – а) Мектепте 2001-2012 жылдар аралығына арналған «Табысты мектеп» атты кешенді-мақсатты бағдарлама қабылданды, оның бірінші кезеңінің негізгі мақсаты: гимназия статусын алу болды.
б) «Құқықтық тәрбие тұжырымдамасы» тақырыбында облысқа мектептің іс-тәжірибесі таратылды.
2002 – «Салауатты өмір салтын насихаттау» бағыты бойынша, мектеп, облыс көлемінде, тірек мектептер (пилотная школа) тізбесіне енді.
2003 – Облыстық «Педагогикалық инновациялар фестиваліне» қатысып, «Тиімді басқару жүйесі» номинациясына ие болды; Республика көлемінде «12-жылдық білім беру мектептің ұлттық моделін құру» сынақ алаңы болып қабылданды; Мектеп іс тәжірибесі облыс көлемінде шығармашылық есеп түрінде таратылды. Мектеп директоры: «ҚР Білім үздігі» Оспанова Фатима Жұмабайқызы
2003 – Мектеп «гимназия» статусын алды; Алтынсарин атындағы Білім Академиясының базалық мекемесі болып тағайындалған; Республикадағы бірінші ҰБТ нәтижелері бойынша Джакипбаева Раушан 105 бал алып қызыл аттестатты ақтады (аудан көлемінде бір оқушы), тест сынағына мектеп түлектерінің 97% қатысып, 84% білім сапасын көрсетті
2005 – Республикалық «Салауатты өмір салтын насихаттау» байқауында мектеп оқушылары номинациялар бойынша бірінші және үшінші орындарды иеленді; ҰБТ нәтижесінде Кубышев Дамир, Таттігулова Фарида өздерінің білімдерін ақтады (аудан көлемінде екі оқушы), мектеп түлектері 100% қатысып, 85% білім сапасын көрсетті, 5 оқушы 100-ден жоғары балл алды; 9 сынып оқушылары Мемлекет Аралық Бақылаудан табысты нәтижелер көрсетті.
2006 — 4 сынып оқушылары халықаралық TIMS бақылауынан өтті, ҰБТ нәтижесінде Сугиров Орынбек өз білімін дәлелдей алды, мектеп түлектері 97% қатысып, 84% білім сапасын көрсетті, 2 оқушы 100 балдан жоғары алды; Бастауыш сыныптарындағы ән-күй пәні шеңберінде профессор Райымбергенов басқарған «Мұрагер» атты этнопедагогикалық бағдарламаны енгізу сынақ алаңына айналды.
2007 – 4, 9-сыныптар МАБ-ы жақсы көрсеткіштермен тапсырды, ҰБТ нәтижесінде 98% қатысты, 83,5% білім сапасын көрсетті, 2 оқушы 100-ден жоғары балл алды; Облыстық «Ең үздік білім мекемесі» байқауында мектеп гимназия «Үйлесімді тәрбие жұмысы» номинациясына ие болды; мектеп гимназия Облыстық кәсіподақ тарапынан «Облыстық үздік мекеме» дипломына ие болды
2008 – мектеп гимназияның «Салауатты мектеп» атты тәрбие бағдарламасы облыс көлемінде таратылды; мектеп гимназия директоры Оспанова Ф.Ж. Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды.
2009 — ҰБТ нәтижесінде: мектеп түлектері 100% қатысып, 85% білім сапасын көрсетті, 4 оқушы 100-ден жоғары балл алды; тұңғыш рет гимназия түлегі Оспанова Айнур «Алтын белгі» төсбелгісін алды.
2010 – мектеп-гимназия директоры Оспанова Ф.Ж. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
2011ж. Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясы облыстық «Табысты мектеп» байқауында ІІІ орынды иеленді. 9 сынып оқушылары МАБ-та нәтижелі көрсеткішке қол жеткізді.
-ҰБТ-ге 57 оқушы түгел қатысып, орташа 90 балл көрсеткішке ие болды.
2012ж. ҰБТ нәтижесінде 98,5% оқушы қатысып 78,05 орташа 78,05 балл көрсетті, 10 оқушы 100-ден жоғары балл алды;
ҰБТ-ге 66 оқушыдан 65-і қатысып, орташа 78,05 балл көрсетті.
2013 жылы тамыз — мектеп-гимназия директоры қызметін Жаманова Гүлпаш Рамазанқызы жалғастырды.
2018 жылы 19 сәуір — мектеп-гимназия директоры қызметіне Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлы тағайындалды.