«Гимназиялық бақылау» сынамасы
12-22 желтоқсан күндері аралығында гимназиямызда білім беру стандарттарының орындалуын қамтамасыз ету, білім сапасын арттыру және оның тұрақты өсу динамикасын қалыптастыру, сондай-ақ сыртқы бақылау сынақтарына жүйелі түрде дайындық жүргізу мақсатында мектептің жылдық жоспарына сәйкес эксперимент алаңының ұйымдастыруымен 2–10 сыныптар арасында мектепішілік «Гимназиялық бақылау» сынамасы өткізілді.
Сынақ «Білім берудің цифрлық трансформациясы» тәжірибелік алаңының қызметкерлері мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының бақылауымен жүргізіліп, алынған нәтижелер сараланып, тиісті қорытындылар шығарылды.







