“Балалар кітапханасы” жобасы
2025 жылдың 12 қаңтарында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында “Жас оқырмандар” алаңында гимназиямыздың 5 сынып оқушыларымен Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, көрнекті жазушы Асқар Алтайдың “Кентавр” шығармасын талдадық. Мақсатымыз оқушыларды кітап оқуға баулу, заман талабына сай білімді, мәдениетті, оған қоса кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық, үлкенді құрметтей білу секілді асыл қасиеттерді бала бойына кітап арқылы біртіндеп сіңіру.
