«Ағылшын тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: тәжірибе және мүмкіндіктер» семинар-практикум
2024 жылдың 14 ақпан күні Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ағылшын тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: тәжірибе және мүмкіндіктер» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинарға Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары А.Нарегеева мен әдіскер М.Төребекқызы, Байзақ ауданы білім бөлімінің әдіскері Л.Бабашева және Тараз, Жамбыл, Байзақ аудандарының педагогтері қатысты. Сонымен қатар Жамбыл облысының басқа да аудандарының педагогтеріне семинар-практикумға қашықтықтан қатысуға мүмкіндік жасалды. Педагогтер ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға, тренингтерге қатысып, тәжірибе алмасты.