Ахмет Байтұрсынұлы — Ұлт ұстазы!
Бүгін, Байтұрсынұлының туған күніне орай, мектепішілік дөңгелек үстел өтті. Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өнегеге толы өмір жолы мен тағылымы мол шығармаларын талдай отырып, ғылыми еңбектері жайында ой бөлісті. Дөңгелек үстел барысында “Ахмет Байтұрсынұлының төте әпіппесі”, “Ахметтің қазақ тіл ғылымына қосқан үлесі”, “Қазақ» газеті – Ұлттық құндылықтың шамшырағы”, “Ұлт ұстазы шығармаларындағы ұлттық құндылық оқушы көзімен” тақырыптары қозғалды. Оқушылар өзара пікір алмасып, аялық білімдерін кеңейте түсті.





