Ата-ана міндеттері мен құқықтары
Ата-ана құқықтары
- Баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын талдауға;
- Ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарының басқару органдарының жұмысына қатысуға;
- Білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;
- Өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-медициналық –педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;
- Балаларының шарттық негізінде қосымша қызмет көрсетулер алуына;
- Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге;
- Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ.
- Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанауболмауға тиіс.
- Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге щасыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.
Ата-ана міндеттері
- Ата-ана мектеп жасындағы балалардың үйде және мектепте оқуына қолайлы жағдай жасай отыра, оның дамуына мүмкіндік беруге міндетті;
- Ата-ана мектепке өзінің мекен-жайы туралы хабарлайдыжәне оның өзгергені жайлы алдын-ала ескертеді;
- Ата-ана оқу процесін реттейтін негізгі құжаттармен, мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныса отыра, өзінің тәрбиелік күш жігерін бала тәрбиесіне жұмсайды.
- Ата-ана мектеппен қарым-қатынасын келесі міндеттерді орындау арқылы жүзеге асырады:
а) Ата-аналар жиналысына қатысу;
ә) Күнделікті оқушының білімін күнделігі және электронды журнал арқылы қадағалап отыру;
б) Мұғалімдердің жазбаша ескертулеріне уақытында көңіл бөлу;
в) Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерімен кездесу;
г) Жеке сұхбаттардың барысындағы келісімдерді орындау;
- Ата-ана баланың сабаққа қатыспайтындығы туралы, себебін көрсете
отыра, электронды журнал арқылы (тіпті болмаса күнделік арқылы) бірінші күні хабарлауға міндетті.