АДАЛ АЗАМАТ: ОТБАСЫ, МЕКТЕП ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҮНДЕСТІГІ — ЖАҢАРТЫЛҒАН ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бүгін 17 қыркүйек күні “Адал азамат”: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі — жаңартылған тәрбие бағдарламасы” тақырыбында брифинг өтті. Брифингті ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” РММ Баспасөз конференциясы ұйымдастырды. Жұмыс барысында қолданатын болғандықтан мен үшін маңызды брифингте сөз алған спикер ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Қалмақов Ерлан Болатұлы:
«Алғаш рет бұл бағдарлама жекеменшік мектептер үшін де міндетті болмақ. Бұл тәрбие жұмысының ел көлемінде бірізді стандартпен жүргізілуіне және барлық оқушылар үшін тең орта қалыптастыруына мүмкіндік береді. Өңірлерде жекеменшік мектеп мұғалімдеріне арналған оқыту семинарларының сериясы ұйымдастырылды.







