Қамқоршылық кеңес
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің №3 отырысының хаттамасы
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің №2 отырысының хаттамасы
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің №1 отырысының хаттамасы
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің жылдық жоспары (2021-2022 оқу жылы)
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің жылдық жоспары (2020-2021 оқу жылы)
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы
Р.Ж.Танабаева
« » 2020ж.
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің жылдық
ЖОСПАРЫ
2020-2021 оқу жылы
№ | Атқарылатын жұмыстар | Мерзімі |
Жауапты |
1 | Қамқорлық кеңесінің жоспарын бекіту. Нормативтік құжаттармен танысу, негізгі бағыттарды анықтау. | Қыркүйек | Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
2 | Қамқоршылық кеңесінің отырыстарын өткізу | Жыл бойы | Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
3 | Мектепішілік барлық саладағы іс-шараларға қатысу (оқу үрдісі, тәрбие, құқық, әлеуметтік, психологиялық және мәдени іс-шаралар) | Жыл бойы | Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
4 | Гимназияның материалдық-техникалық базасын жетілдіруге демеушілерді тарту. | Жыл бойы | Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
5 | Жалпы мектепішілік ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің бірлескен жұмысы. | Жыл бойы | Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
6 | 1-10 сынып оқушыларының әр тоқсан сайын «Гимназиялық бақылау» сынамаларын алу барысын бақылау. | Тоқсан сайын | Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
7 | Білім сапасын жақсарту мақсатында «Зерттеу сабақтары» тәсілін оқыту үрдісіне енгізу үрдісіне қатысу. | Қыркүйек | Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
8 | Дарынды балаларды қолдау | Жыл бойы | Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
9 | Гимназияның оқушыларына әлеуметтік қолдау көрсету. «Мектепке жол», «Қамқорлық» т.с.с. қайырымдылық акцияларын өткізуге ат салысу | Жыл бойы | Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
10 | Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға көмек көрсету. | Мамыр | Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
11 | Психологиялық көмек – білім сапасын көтерудің алғы шарты (оқушылармен барлық психологиялық бағыттарда жұмыс жасау барысына қатысу). | Жыл бойы | Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
12 | Гимназияның есеп беру жиналысына қатысу | Мамыр | Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
13 | Қамқоршылық кеңесінің жылдық есебі. | Мамыр | Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
Дайындаған: Г.Т.Орынбаева
Қамқоршылық кеңесі отырысының жоспары (2020-2021 оқу жылы)
Ғани Мұратбаев атындағы
гимназиясының қамқоршылық
кеңесінің төрайымы
Р.Ж.Танабаева
« » 2020ж.
Қамқоршылық кеңесі отырысының жоспары
2020-2021 оқу жылы
№ | Орындалатын жұмыстар | Мерзімі | Жауапты |
І отырыс |
|||
1 | Қамқоршылық кеңес төрайымын сайлау және кеңес мүшелері құрамын қайта бекіту туралы. Кеңес мүшелерінің міндеттерін тағайындау (төрағасы, орынбасары, жауапты хатшы) | Қыркүйек | Қамқоршылық кеңес мүшелері |
2 | Ғани Мұратбаев гимназиясы директорының 2019-2020 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы есебі | Гимназия директоры – М.Ж.Наметқұлов | |
3 | 2020-2021 оқу жылындағы 1-4 сынып оқушылар аралығындағы кезекші сыныптардың оқу процесін ұйымдастыру туралы | Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Ақбаева | |
4 | Қамқоршылық кеңес мүшелерінің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы | Қамқоршылық кеңес мүшелері | |
ІІ отырыс |
|||
1. | Дарынды балаларды қолдау мақсатында атқарылатын жұмыстармен танысу, талқылау | Қараша | Қамқоршылық кеңес мүшелері |
2 | Дарынды балаларды қолдау, мақсатында және тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету (Жаңа жыл мерекесінде сыйлықтар беру) мақсатында бюджеттен тыс шағын кәсіпкерлерді тарту. | ||
ІІІ отырыс |
|||
1. | Білім сапасын жақсарту мақсатында «Зерттеу сабақтары» тәсілін оқыту үрдісінің барысымен танысу. | Ақпан | Қамқоршылық кеңес мүшелері
Гимназия әкімшілігі |
2. | Наурыз мерекесін ұйымдастыру | ||
ІV отырыс |
|||
1.
2. |
Оқу материалдық базасының сақталуы және үнемі толтыруын қамтамасыз ету.
Оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру шаралары (салтанатты жиын, емтихандар, түлектердің мектепті бітіру кеші, т.с.с.) |
Сәуір | Исахова А.Б.
Коштаева М.Б. |
V отырыс |
|||
1 | 1-10 сынып оқушыларының «Гимназиялық бақылау» сынамаларының қорытындысы | Мамыр | Қамқоршылық кеңес мүшелері |
2 | Түрлі санаттағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері. | Қамқоршылық кеңес мүшелері
Гимназия әкімшілігі |
|
3 | Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы директорының қамқоршылық кеңес алдында бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру | Гимназия директоры М.Ж.Наметқұлов | |
4 | Қамқоршылық кеңесінің 1 жылдық жұмысының талдауы және келесі оқу жылына жоспар құру | Қамқоршылық кеңес мүшелері |
Дайындаған: Г.Т.Орынбаева
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының Қамқоршылық кеңес мүшелері
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының
Қамқоршылық кеңес мүшелері
№ |
Аты-жөні | Жұмыс орны
Қызметі |
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қызметі |
1 | Танабаева Рада Жаксылыковна | Байзақ орман шаруашылығы. Бас есепші | Төрайымы |
2 | Коштаева Меруэрт Бахытовна | Жеке кәсіпкер | Орынбасары |
3 | Мадимарова Арайлы Абдразаковна | Жеке кәсіпкер | Хатшы |
4 | Абдурахманова Майра Исахановна | Жеке кәсіпкер | Мүшесі |
5 | Сыздықбаева Шолпан Ұзақбайқызы | Зейнеткер | Мүшесі |
6 | Кумганбаев Жумагали Серикбаевич | Зейнеткер | Мүшесі |
7 | Жамишжанов Алтынбек Миятұлы | «Еңлік» балабақшасының басшысы, жеке кәсіпкер. Аудандық маслихат депутаты | Мүшесі |
8 | Тлеукулова Сауле Сейдимхановна | Сарыкемер ауылдық округ әкімі | Мүшесі |
9 | Дүрмекбаева Гаухар Кеңесқызы | Білім бөлімінің экономисті | Мүшесі |
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы қамқоршылық кеңес №1 отырысының хаттамасы
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы қамқоршылық кеңес
№1 отырысының
ХАТТАМАСЫ
Өткізілген уақыты:17.09.2020ж.
Қатысқандар: қамқоршылық кеңестің 7 мүшесі, гимназия әкімшілігі.
Күн тәртібінде:
- Қамқоршылық кеңес төрайымын сайлау және кеңес мүшелері құрамын қайта бекіту туралы. Кеңес мүшелерінің міндеттерін тағайындау (төрайымы, орынбасары)
- Ғани Мұратбаев гимназиясы директорының 2019-2020 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы есебі
- Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Ж.Б.Ақбаеваның 2020-2021 оқу жылындағы 1-4 сынып оқушылар аралығындағы кезекші сыныптардың оқу процесін ұйымдастыру туралы
- Қамқоршылық кеңес мүшелерінің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша, қамқоршылық кеңес төрайымы А.Б.Исахова сөз алып, жұмысына байланысты қамқоршылық кеңес төрайымының жұмысын арық қарай жалғастыра алмайтындығын сөз етті және өзінің орнына азаматша Танабаева Рада Жаксылыковнаны ұсынып, қамқоршылық кеңес мүшелеріне таныстырды. Қамқоршылық кеңес мүшелері бірауыздан қолдап, қарсы еместіктерін білдіріп, өз келісімдерін берді. Орынбасары ретінде Коштаева Меруэрт Бахытовнаны тағайындады.
2020 жылғы қыркүйек айынан бастап кеңес төрайымын, мүшелерін қайта сайлау жұмыстарының шешімі бойынша төмендегі мүшелер ұсынылды.
№ | Аты-жөні |
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қызметі |
1 | Танабаева Рада Жаксылыковна | Төрайымы |
2 | Коштаева Меруэрт Бахытовна | Орынбасары |
3 | Мадимарова Арайлы Абдразаковна | Мүшесі |
4 | Абдурахманова Майра Исахановна | Мүшесі |
5 | Сыздықбаева Шолпан Ұзақбайқызы | Мүшесі |
6 | Кумганбаев Жумангали Серикбаевич | Мүшесі |
7 | Жамишжанов Алтынбек Миятұлы | Мүшесі |
8 | Тлеукулова Сауле Сейдимхановна | Мүшесі |
9 | Дүрмекбаева Гаухар Кеңесқызы | Мүшесі |
Екінші мәселе бойынша гимназия директоры М.Ж.Наметқұлов 2019-2020 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы және бюджеттен бөлінген материалдық-техникалық база жөнінде есеп берді.
Ол өз сөзінде, өткен оқу жылындағы ұстаздар мен оқушылардың жеткен жетістіктеріне, ҰБТ көрсеткішіне және гимназия мұғалімдерінің сапалық құрамына жете тоқталып өтті. Сонымен қатар, гимназияның материалдық базасына білім бөлімінен берілген заттарды кесте түрінде көрсетіп, 2020 жылға арналған қаржылық жоспармен таныстырып өтті. Оқушыларға арналған 12 орынды әжетхана мектеп ішіне орнатылғандығы, өрт қауіпсіздігіне арналған дабыл қаққыш мектеп ғимаратының барлық жеріне орнатылғандығы жайлы айтып өтті.
Қайырымдылық акциялар кезінде 112 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары мен мектеп формалары демеушілер тарапынан ұйымдастырылып тарту етілгенін атап өтті.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Ақбаева сөз алып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылдың 13 тамыздағы №345 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес, короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар негізінде 1-4 сыныптарды кезекші сыныпта оқыту ұйымдастырылғанын, кезекші сыныптардағы санитарлық талаптарды қатаң сақталуы, оның ішінде тәртіпке сәйкес жүзеге асырылатындығы жайлы сөз етті.
Төртінші мәселе бойынша, қамқоршылық кеңес хатшысы Г.Т.Орынбаева 2020-2021 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарымен және отырыс жоспарымен таныстырды. Кеңес мүшелері бірауыздан келісімдерін берді.
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе кеңес мүшелері келесідей шешім қабылдайды.
Шешім:
І. 1) 2020-2021 оқу жылында Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының қамқоршылық кеңесінің төрайымы – Танабаева Рада Жаксылыковна және төрайымының орынбасары – М.Б.Коштаева болып бекітілсін.
- Кеңес мүшелері төмендегі ретпен қайта бекітілсін:
№ | Аты-жөні |
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қызметі |
1 | Танабаева Рада Жаксылыковна | Төрайымы |
2 | Коштаева Меруэрт Бахытовна | Орынбасары |
3 | Мадимарова Арайлы Абдразаковна | Мүшесі |
4 | Абдурахманова Майра Исахановна | Мүшесі |
5 | Сыздықбаева Шолпан Ұзақбайқызы | Мүшесі |
6 | Кумганбаев Жуман гали Серикбаевич | Мүшесі |
7 | Жамишжанов Алтынбек Миятұлы | Мүшесі |
8 | Тлеукулова Сауле Сейдимхановна | Мүшесі |
9 | Дүрмекбаева Гаухар Кеңесқызы | Мүшесі |
- Қамқоршылық кеңестің отырыстарын бұдан ары қарай өткізу мен ұйымдастыру кеңес төрайымы Р.Ж.Танабаеваға жүктелінсін.
ІІ. 1)Гимназия директорының 2019-2020 оқу жылында атқарған жұмысының есебі «қанағаттанарлық» деп есептелінсін.
2) Қамқоршылық кеңес алдында директордың есебі оқу жылы көлемінде кемінде екі рет берілсін.
ІІІ. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Ж.Б.Ақбаеваның кезекші сыныптардың оқу процесін ұйымдастыру жұмыстары барысында санитарлық талаптар мен балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау шаралары мектеп және қамқоршылық кеңесі тарапынан қатаң бақылауға алынсын.
ІV. 1) Қамқоршылық кеңес мүшелерінің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
2) Қамқоршылық кеңес 2020-2021 оқу жылына құралған жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын қадағалау мен бақылау кеңес мүшелері мен кеңес төрайымы Р.Ж.Танабаеваға жүктелінсін.
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Р.Ж.Танабаева
Хатшы: Г.Т.Орынбаева